Жануарларды қорғауға бағытталған семинар-тренинг өтті

Жануарларды қорғауға бағытталған семинар-тренинг өтті

Жануарларды қорғауға бағытталған семинар-тренинг

Соңғы кезде жануарларға қатыгездікпен қарау фактілері жиілеп бара жатқаны көпшілікке аян. Жануарларға қатыгездік көрсеткен адамдар туралы хабарламалар әлеуметтік желілерде жиі шығады. Мысалы жақында Шымкентте ер адам көшеде балалардың көзінше мысықты атып тастаған. Ал Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер мысықты шарбаққа іліп қойған. Астанада тағы бір кішкентай бала мысықты ең үстіңгі қабаттан баспалдақтың аралығына лақтырған. Мұндай қатыгездік бірінші рет болып отырған жоқ. Алайда, бүгінде Қазақстандағы жануарларға қатігездік көрсеткені үшін тағайындалатын жаза жеңіл.

Қазақстанда жануарларды қорғау туралы жаңа заң жобасының қажеттілігі әлдеқашан пісіп-жетілген. Елімізде барлық жануарларға, оның ішінде үй, жабайы және ауылшаруашылығы жануарларына жауапкершілікпен қарау туралы бірде-бір заң жоқ.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жануарлар проблемаларына аса көңіл бөлуде, сол себепті Үкіметке азаматтық сектормен бірлесіп "Жануарларды қорғау туралы" Заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Бүгінгі таңда Заң жобасы әзірленіп, Президент Әкімшілігінің қарауында жатыр. Бұл Қазақстандағы адамгершілік мәселелерін көтеретін алғашқы ресми заң жобасы.

Әрине заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте салмайды. Жалпы, жануарларға қатігездікпен қарау мәселесі күрделі. Ол балалар тәрбиесімен, педагогика, этика, ақпараттық, қоршаған ортаны қорғау және қылмыстық-атқару саясатымен тығыз байланысты.

Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімдерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауға үйрету. Бұл тұрғыдан өскелең ұрпақты, жасөспірімдерді жануарларға деген сүйіспеншілікке дағдыландырудың маңызы зор, кері жағдайда болашақта ықтимал қатыгездіктер мен теріс өмірлік ұстанымның бастауына айналуы мүмкін. Жануарларға деген қаскөйлік, адамдарға деген қатыгездікті тудырады.

Жануардың құқын қорғау тек қана ит пен мысық сияқты үй жануарларын қорғаумен шектелмейді. Әсіресе ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуда да келеңсіздіктер көп. Малдың қырылуына, мертігуіне, азаптануына, қиналуына әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді (әрекетсіздікті), жануарды аштықпен, шөлмен, ұрып-сабаумен, өзге де күш қолдану әрекеттерімен қинауды, сондай-ақ мүмкіндігі бола отырып, өміріне қауіп төніп, зардап шегіп жатқан жануарға көмек көрсетпеу сияқты жағдайлар көп.

Осы орайда «Exclusive Fund» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы облысында ауылшаруашылығы жануарларына гуманистік көзқарас қалыптастыруға бағытталған семнар-тренинг өтті. Семинарға елдімекендерде мал ұстайтын қарапайым адамдар мен шағын фермерлік-шаруа қожалықтың өкілдері қатысты.

Семинар-тренингте ауыл шаруашылығы жануарларын қорғауға бағытталған нақты кейстер таныстырылды. Ол өзіміз ойлап тапқан, отындық және әлемдік жаңа үлгілер. Біз жануарларға көмектесе отырып амадардар өмірін жеңілдететін жүздеген нақты технологиялар мен техникаларды, құрылығылар мен қондырғыларды, лайфхактарды мал ұстайтын ауылдағы ағайындарға, фермерлерге түсіндіруге тырыстық. Сонымен қатар кейбір қарапайым құрылығылар мен қондырғыларды кез-келген адам қалай жасап алуға болатыны туралы практикалық жаттығулар өткізілді.

Мақсат – бұл мәселеге қоғамның назарын аудару және әлеуметтік белсенділікті арттыру, ауыл шаруашылығы жануарларына ізгілікті көзқарасты насихаттау. Қатыгез қарым-қатынастың алдын алу және жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Елімізде қаншама әйел адамдардың өмірі мал шаруашылығымен тікелей байланысты. Сондықтан да біз кейбір инновациялық кейстерді ауылдағы әйел адамдарға насихаттадық.

Осындай бірқатар іс-шараларды іске асыру жануарларға жауапты иелік етуді және оларға ізгілікті қарауды қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл гранттық шара үкіметтің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығының қатысуымен іске асырылатын «Қазақ­станның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталан­дыру және танымал ету» республикалық жобасы аясында жүзеге асып отыр.

 

«Exclusive Fund» қоры

Тэги: #Exclusive #Fund #семинар

20 июля 2021

Ранее мы рассказывали:

Вернуться назад





Использование материалов портала разрешено только с предварительного согласия правообладателей. Все права на картинки и тексты принадлежат их авторам.