Аграрлық ғылымның дамуы мен жаңаруы

Аграрлық ғылымның дамуы мен жаңаруы

Бүгін Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың қатысуымен жиналыс өтті.

Жиынға барлық ғылыми зерттеу институттарының өкілдері, ғалымдар, республикалық аграрлық оқу орындарының басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
Алғаш рет диалогтық форматта өткен кеңесте аграрлық ғылымның ауыл шаруашлығы өндірісімен сәйкессіздігі, трендтерден кеш қалып келе жатқандығы ашық және өткір айтылды. Сонымен бірге, аграрлық ғылымның жағдайын түбегейлі жақсартудың жолдары талқыланды.

Қазіргі таңда аграрлық ғылымның әлеуеті төмен, ауыл шаруашылығы саласы бойынша озық технологиялар мен инновациялардың үлесі аз екенін айта кеткен жөн.

Мамандардың жасының ұлғайуы, ғалымдардың басқа салаға ауысуы, жастардың ғылымға қызықпауынан ауыл шаруашылығы ғылымының деңгейі төмендеп отыр.

Мысалы, соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы ғылыммен айналысатын мамандардың саны 8%-ға төмендеді, ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орташа жасы – 57 жас, бас ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 65 жас, жетекші және аға ғылыми қызметкерлердің– 54 жас, кіші ғылыми қызметкер – 30 жас болып табылады. Зейнеткерлік жасындағы ғалымдар 15% құрап отыр. Экономиканың басқа секторымен салыстырғанда, ғалымдардың орташа жалақы мөлшері біршама төмен.

Ал халықаралық тәжірибеге сүйенсек, бизнес-қауымдастық өкілдері тарапынан ғылымды қаржыландыру үлесі Люксембургте – 80%, Жапония мен Германияда – 70 %, в Финляндия, Швеция, Қытай, АҚШ-та – 65%, Францияда – 54 % құрайды. Ал бұл көрсеткіш біздің елімізде небәрі 5% құрап отыр.

Жиналыс барысында Ведомства басшысы ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелі шаруашылықтардың үлесінде 159 мың га. жер бар екенін, сол жерлерді тиімді пайдаланса, мемлекеттік бюджетті есептемегенде қосымша 10 млрд. теңге көлемінде табыс табуға болатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, аграрлық сектордың дамуының бір көрсеткіші – жоғары білімді кадр даярлау.

Қазіргі таңда ауылда маман тапшы. Жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен бітірген түлектердің 50% ғана ауылды жерлерде жұмыс жасайды.

Еңбек нарығының бір талабы – өндіріске инновациялық технологияларды енгізетін, ойы жүйрік заман талабына сай бірнеше тіл білетін мамандар.

Тәуелсіздік алған 25 жылда ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Болашақ» бағдарламасы арқылы тек 70 жас маман білім алып, өздерінің біліктіліктерін арттырған.

ҚР Премьер министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов: «Не үшін жұмыс істеу керек екенімізді ойланатын нақты мақсат бар. Меніңше, ғылымның, оның ішінде агроғылымның дамуына кедергі келтіріп отырған бірден бір жайт – ол мәселені шешудегі жүйесіздік. Аграрлық ғылымды дамыту үшін, біріншіден ғылыми зерттеу институттарының кадрлық саясатын жаңарту керек. Екіншіден, Қаржыландырудың басқа көздері арқылы жаңа өндіру механизмдерін жетілдіру. Үшіншіден, зерттеу институттарын жаңалау. Төртіншіден өндірісте сұранысқа ие ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға нақты бағалау жүйесін енгізу.

Жиын қорытындысында Жол картасын іске асыру бағытында кадр саясаты жүйесін жетілдіру мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандар дайындауды және әлемнің жетекші университеттерінен ғалымдардың тәжірибеден өту жүйесін жетілдіру туралы тапсырма берілді.

Сонымен бірге Премьер-Министр А.Мырзахметов Қазақ Ұлттық аграрлық университеті базасындағы Агротехнологиялық хаб жұмысымен танысты. Агрохаб агроғылым, білім және өндірістің өзара әрекет алаңы ретінде 2016 жылы құрылған болатын.

Агрохабтың құрамына Қазақ-Жапон инновациялық орталығы, Су, Агроинженерлік мәселелер және энергия үнемдеу, Қазақ-Корей, Тұрақты егін шаруашылығы, Азық-түлік технологиясы және сапа орталықтары, Инновациялық жылыжай, «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы, Қазақстан-Беларус агроинженерлік инновациялық орталығы кіреді.

Хаб университеттің діңгегі бола отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі көмегімен қысқа мерзім аралығында агробизнеске инновациялық идеялар мен технологияларды, стартап-жобаларды тартады. Сол арқылы жалпы республиканың ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады.

«Бүгінгі күнгі табысты жұмысымыздың бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі АӨК саласындағы Агрохаб болып табылады. Трансфертті технологиялар жобаларын дамыту АӨК үшін маңызды. Көріп отырғанымыздай Агрохаб мықты ұжым мен әдістемесі бар және американдық ақпарат және технология орталығының басшыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып отыр» – деді Министр.

Сонымен қатар, А.Мырзахметов жұмыс сапары барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілі басшысы Джиованни Капаннеллимен кездесті. Кездесу барысында су ресурстарын басқару орталығын құру мәселелері талқыланды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылым мен өндірісті байланыстыра жұмыс істеуді қолға алғанын атап өткен жөн. Алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің санын өсіру мен қатар, шаруаларға аз шығын шығару арқылы инновациялық технологияларды 10% дан 25%-ға көтеру көзделіп отыр.

Дереккөз: mgov.kz

Тэги:

23 сентября 2017

Вернуться назад


0 комментарев

Поделиться:
перейти

Написать комментарий

* Ваше имя
* Ваш e-mail
* Комментарий
 



Использование материалов портала разрешено только с предварительного согласия правообладателей. Все права на картинки и тексты принадлежат их авторам.