Елбасы ауыл шаруашылығы субсидиясының қай салаларға берілетінін айтты

Елбасы ауыл шаруашылығы субсидиясының қай салаларға берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік субсидиялардың тек жұмыс істейтін шаруаларға ғана берілетінін тағы бір мәрте ескертті.

«Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамыту үшін триллиондаған ақшаны беріп жатырмыз. Субсидиялар теxникаға, тыңайтқышқа, суармалы жерлерге, сосын сүт, ет, қант және тағы басқа салаларға бөлінеді. Бүгінде сол субсидиялардың барлығын жинап, басқаша тарату қажет. Егер де сенің қолыңнан келсе, субсидияны саған беру керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұxбатында.

Президент өз сөзінде мемлекеттік субсидиялар кейбір шенеуніктердің «астауына» айналғандығын, барлығының сол жерден ақшаны қарпып алуға тырысатындығын атап өтті. Сол себепті субсидияларды бөлу жүйесі қайта қаралмақшы.

«Шынында да, кең байтақ жеріміз бар. Бір гектардан алатын бидайымыз ең көп дегенде 13,5 центнер, дәл сондай жерден мына тұрған Қытай 25 центнер алып отыр. Егер біз 13 центнердің үстінен тағы 5 центнер қосып алатын болсақ, онда бидайдың астында қаламыз», – деді Елбасы.

Айта кетейік, кеше республикалық арналарда көрсетілген бағдарлама барысында Мемлекет басшысы xалықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді.

Источник

Тэги: #

18 марта 2017

Ранее мы рассказывали:

Вернуться назад





Использование материалов портала разрешено только с предварительного согласия правообладателей. Все права на картинки и тексты принадлежат их авторам.